Йемен Парламенті өз жұмысын бастады
(last modified Sat, 13 Aug 2016 14:33:26 GMT )
Там 13, 2016 20:33 Asia/Almaty
  • Йемен Парламенті өз жұмысын бастады

Сенбі күні Йемен Парламентінің Сауд Арабиясы шапқыншылығынан кейінгі бірінші жиналысы өтті.

Йемен Парламенті 18 ай бойғы кідірістен кейін сенбі күні осы елдің Ансаролла қозғалысы мен Халықтық конгресс партиясының өтінішімен жиналыс өткізді.

Сауд Арабиясы мен Йеменнің отставкаға кеткен қашқын президенті Абд-Раббе Мансур Хади депутаттарға осы отырысқа қатыспасын деп қоқан-лоққы жасаған болатын. Йемен халқының өкілдері отырыста елді басқару үшін саяси кеңес құруға оң дауыс берді. Мұнымен бір мезгілде саудиялық қырғи ұшақтар бүгін таңертең Йеменнің әскери емес аймақтарын бомбалады. Соның салдарынан 30 адам, соның ішінде 17 оқушы қаза тауып, көптеген адам жараланды.