Лариджани Хезболлланың Бас хатшысына хат жолдады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Ливан Хезболласының Бас хатшысы сейіт Хасан Насроллаға хат жолдап, Ливан халқының сионистік режимге қарсы 33 күндік соғыстағы жеңісінің жылдығымен құттықтады.
Иран Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани осы хатта: «Жуырда әлем қарсыласу өзегінің лаңкестер мен олардың аймақтық және әлемдік демеушілерін біржолата жеңуінің куәсі болады.
Қарсыласу күштері мен Ливан халқының 2006 жылдың қаңтар айындағы тарихи жеңісі – ислам үмбетінің тарихындағы алтын парақ және сионистік режим мен оның демеушілері үшін ұмытылмас сабақ»,-деп жазылған.
Лариджани осы жолдауда Ливан халқы мен қарсыласу қозғалысының жауынгерлеріне сәттілік пен абырой-бедел тіледі.
Сионистік режимнің армиясы 2006 жылы 12 қаңтарда 33 күн бойы Ливанға шабуыл жасады. Сол соғыста бұл режим өзінің ешбір мақсатына қол жеткізбеді.