Хезболланың Бас хатшысы: Израильдің ғұмыры ұзаққа бармайды
Ливан Хезболласының Бас хатшысы Израильдің ғұмырының ұзаққа бармайтынын айтып: «2006 жылы АҚШ Ливанға шабуыл жасауға шешім қабылдады, ал Израиль оны орындады»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ливан Хезболласының Бас хатшысы сейіт Хасан Насролла сенбі күні кешке исламдық қарсыласу қозғалысының 2006 жылы жаздағы 33 күндік соғыста сионистік режимді жеңген күнінің онжылдығына орай өткен рәсімде: «Қарсыласу қозғалысы Ливанға қарсы америкалық-израильдік басқыншылық мақсаттарын сәтсіздікке ұшыратып, тарихи және стратегиялық позицияға ие болды»,-деді.
Сейіт Хасан Насролла бейне конференция арқылы сөз сөйлеп, қарсыласу қозғалысының мүшелеріне, шәһидтер мен ардагерлер және олардың жанұяларына, жауынгерлер мен Ливан халқы және үкіметіне, ақпарат құралдары мен Ливанның қарсыласуын демеушілергн, әсіресе Иран мен Сирияға алғыс айтты.
Ливан Хезболласының Бас хатшысы сөзінің тағы бір бөлігінде Хезболланың лаңкестік топтармен күресте қарсыласу майданының алғы шебінде екенін айтып: «АҚШ үкіметі әл-Каида, ДАИШ, «ән-Носрат» майданы сияқты лаңкестік-тәкфирлік топтарды біздің аймақта бейберекеттік тудыру үшін құрды. Бізде тәкфирлік топтармен күресіп, соғысудан басқа амал жоқ. Күн өткен сайын осы таңдау жолы мен Хезболланың Сирияға барғанының дұрыстығы растала түсуде»,-деп мәлімдеді.