Лариджани қарсыласудың ДАИШ-пен соғыста жеңіске жететіндігіне сенім білдірді
(last modified Sun, 14 Aug 2016 15:13:08 GMT )
Там 14, 2016 21:13 Asia/Almaty
  • Лариджани қарсыласудың ДАИШ-пен соғыста жеңіске жететіндігіне сенім білдірді

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы: "ДАИШ лаңкестерінің сионистердің орнына мұсылман ұлттармен соғысы қарсыласудың жеңісімен аяқталатындығы сөзсіз" деді.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани мәжілістің бүгін, жексенбі күнгі отырысында Ливан халқының 33 күндік соғыстағы сионистік режим алдындағы жеңісінің жылдығына байланысты сөйлеген сөзінде сол соғысты мұсылмандар мен Ливан қарсыласуы үшін оқиға деп атап: «Бірақ Ливан халқы өз қарсыласуымен осы соғыста мақтанышқа толы ерлік жасады» деді.

Лариджани АҚШ пен сионистік режимнің соғыстың алғашқы аптасында мемлекеттер тарапынан кез- келген ымыраға келу сұранысына қарсылық танытқанына тоқталып: «Соғыс жағдайы Ливан қарсыласуының пайдасына өзгерген соң олар соғысты доғару үшін көп талпыныс жасады. Сионистер жеңілген соң майданды тастап кетуге мәжбүр болды.

Сионистік режим 33 күндік соғыста ауыр жеңіліске ұшыраған соң қарсыласу қозғалысы Ливанды сионистік- америкалық қоқан-лоққылардың алдындағы мықты қамалға айналдырды.

Иран ислам кеңесі мәжілісі 33 күндік соғыстағы Ливан қарсыласуы күрескерлерін еске алып, Ливан Хезболласы мен қарсыласу қозғалысын осы жеңісімен құттықтап, тағы да жеңістің қарсыласуға тиесілі екендігіне сенеді» деді.