Зариф Насролла мен Ливанның Сыртқы істер министрін құттықтады
ИИР Сыртқы істер министрі Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролла мен Ливанның Сыртқы істер министрі Джебран Басилге жіберген жеке жолдауларында Ливанның қарсыласу қозғалысы қаһармандарының 33 күндік соғыстағы жеңістерінің жылдығымен құттықтады.
Зарифтің Сейед Хасан Насроллаға жолдаған хатында былай деп жазылған: «33 күндік соғыста Ливан халқының сионистік режимнің қарулы әскері мен оның қолдаушыларының алдында жеңіске жетуі қарсыласу қозғалысы жауынгерлерінің жанкештілігі, қарсыласуы мен жігерін және Алланың анық әрі құпия мейірімділігін еске салып, мұсылман және әлемнің азаттық талап етуші халықтарының мақтанышының мәйегі болды. Осы үлкен әрі тарихи оқиғаның онжылдығына байланысты жолдаған құттықтауымды қабыл алыңыз».
Иран Сыртқы істер министрі ливандық әріптесіне жолдаған хатында былай деді: «Ливан халқының 33 күндік соғыстағы жеңісінің он жылдығына қатысты құттықтауымды қабыл алыңыз. Бұл жеңіс бір-біріне көмекке келген әртүрлі мазхабтар мен тайпалардың жаунгерлерінің батылдығы мен жанкештілігінің, сондай-ақ әртүрлі саяси ағымдар мен партиялардың бірлігінің нәтижесі».