Иран Йемен депутаттарының Парламенттің жұмысын қайтадан бастау келісімін қолдады
(last modified Mon, 15 Aug 2016 08:38:22 GMT )
Там 15, 2016 14:38 Asia/Almaty
  • Иран Йемен депутаттарының Парламенттің жұмысын қайтадан бастау келісімін қолдады

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Йемен депутаттарының Парламенттің жұмысын қайтадан бастау келісімін сындарлы шешім деп бағалады.

«Меһр» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша,  Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми Йеменнің жағдайын сезімтал деп бағалауымен бірге Йемен халқы сайлаған депутаттардың Парламенттің жұмысын қайтадан бастау  келісімін елдің саяси және құқықтық кеңістігі үшін сындарлы әрекет деп бағалады.

 Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы «Ұлттық келісім мен сайланған органдарға жүгіну шапқыншыларды Йемен халқының жігерін қабылдауға мәжбүрлеп, дау-дамайды тоқтатуға көмектесетін ең жақсы жол. ИИР Йемен дағдарысының басынан  қуаттағандай қазір де соғыс пен қатыгездіктің халықтың жігерін жеңе алмайтынын еске салып, өкінішті қайшылықтарды  келіссөздер мен Йемен халқының  жігерін қабылдау арқылы тезірек тоқтатуды  қажетті деп санайды»,- деді.