Иран Сауд Арабиясының Йемендегі мектептер мен ауруханаларға жасаған шабуылдарына реакция білдірді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i12922
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Сауд Арабиясының режимі өз қылмыстарына қатысты халықаралық қауымдастықтың үнсіздігінің тасасында күн өткен сайын дөрекілене түсуде»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 16, 2016 14:18 Asia/Almaty
  • Иран Сауд Арабиясының Йемендегі мектептер мен ауруханаларға жасаған шабуылдарына реакция білдірді

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Сауд Арабиясының режимі өз қылмыстарына қатысты халықаралық қауымдастықтың үнсіздігінің тасасында күн өткен сайын дөрекілене түсуде»,-деді.

ИИР СІМ-нің ақпараттық дипломатия департаментінің хабарлауы бойынша,  Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми дүйсенбі күні кешке Сауд әулеті режимінің басқыншы қырғи ұшақтарының  Йеменнің солтүстік-батысында орналасқан Хаджа облысындағы бір аурханаға жасаған шабуылын айыптап, оны адамзатқа қарсы жасалған елестетудің өзі қиын әшкере қылмыс деп атап: «Йемендегі мектептер мен ауруханалардың нысанаға алынып жатқанына қатысты халықаралық қауымдастықтың өкініш тудыратын үнсіздігі Сауд Арабиясының адамзатқа қарсы қылмыстар жасауда күн өткен сайын өрши  түсуіне себеп болды.

Халықаралық заңдар мен гуманитарлық құқықтар, тіпті одан да жоғары адамның ар-ұжданы баршаны соғыстар мен қақтығыстарда қарапайым азаматтар мен әскери емес инфрақұрылымдарды сақтауға қажетті шаралар атқаруға шақырады. Сауд әулетінің лаңкес дайындаушы  соғысқұмар режимі  әйелдер мен балаларды, қорғансыз науқастар мен жазықсыз азаматтарды қырып-жоюда ешқандай шектеу білмейді.

Сауд Арабиясының дөрекі қатынасы халықаралық қауымдастықтың, соның ішінде БҰҰ-ның үнсіздігі мен осы режимнің қылмыстарын жасыруы салдарынан туындап отыр»,-деді.