Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстары жалғасуда
https://itolqyn.com/news/west_asia-i12940
Сауд Арабиясы армиясының Йеменнің астанасы Сана облысының тоғызыншы қаласына қарасты ауылға әуеден жасаған шабуылынан кемінде 10 адам қаза болды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 16, 2016 19:34 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстары жалғасуда

Сауд Арабиясы армиясының Йеменнің астанасы Сана облысының тоғызыншы қаласына қарасты ауылға әуеден жасаған шабуылынан кемінде 10 адам қаза болды.

Йеменнің «almasirah» телеарнасының хабарлауы бойынша, Саудияның шапқыншы қырғи ұшақтары сейсенбі күні Сана облысының тоғызыншы қаласына қарасты «әл-Мадид» елді мекенін тағы да бомбалады. Соның салдарынан кем дегенде 10 адам қаза болып, 20 кісі жараланды.

Саудияның шапқыншы қырғи ұшақтары сондай- ақ Саде және Хаджжа облыстарына қарасты Хидан, Хараз қалаларын да бомбалады.

Сауд Арабиясы соғыс майдандарында Йемен армиясы мен халықтық комитеттерінің жеңістері және Йемен парламентінің отырыс өткізуі мен саяси жоғары кеңесінің расталуынан кейін Йеменнің түрлі аймақтарына, соның ішінде Санаға шабуылдарын арттырып отыр.

Йеменнің ауруханалық дереккөзі осы елдің батысындағы Хаджжа облысының «Абас» ауруханасын Сауд Арабиясының қырғи ұшақтары бомбалағаннан қаза болғандардың санының 20 адамға, жараланғандардың санының 40 адамға ұлғайғанын мәлімдеді.

Осы мәлімет бойынша кейбір жаралы жандардың жағдайы мүшкіл деп хабарланды. Қаза болғандар арасында «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымына мүше бір испандық дәрігер де бар.