Түркиядағы сәтсіз әскери төңкерістен кейінгі тазарту шаралары жалғасуда
Там 16, 2016 19:57 Asia/Almaty
Түркия полициясы «Hizmet» қозғалысының жетекшісі Фетхуллаһ Гүленге қарасты адамдардан тазарту шараларының жалғасындағы үйлесімді әрекетте осы топқа қарасты 44 фирманың басқарушылық орталықтарына кірді.
Түркия прокуратурасы сәтсіз әскери төңкеріс ісі туралы тергеулер қалпында осы фирмалардың орталықтарын тінтуге жарлық беріп, 120 басшыны ұстауға үкім шығарды.
Осыдан бұрынырақ Гүленге қарасты жүздеген фирма Түркия полициясының шабуылына ұшырап, басшылары ұсталып, мал- мүліктері тәркіленген болатын.
Ыстамбұл полициясы сондай- ақ Анадолы Әділет басқармасының 85 қызметкерін ұстады.
Тегтер