Йылдырым: 40 мың адам құрықталып, 80 мыңға жуық мемлекет қызметкері жұмыстан босатылды
(last modified Thu, 18 Aug 2016 08:42:26 GMT )
Там 18, 2016 14:42 Asia/Almaty
  • Йылдырым: 40 мың адам құрықталып, 80 мыңға жуық мемлекет қызметкері жұмыстан босатылды

Түркия Премьер-министрі: «15 шілдеде осы елде болған сәтсіз төңкерістен кейін 40 мыңнан астам адам құрықталып, 79900 мемлекет қызметкері жұмыстан босатылды»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бинали Йылдырым сәрсенбі күні кешке Түркияның мемлекеттік арнасына берген сұхбатында: «Сәтсіз төңкеріс болған күннің кешінен таңертеңге дейін Түркияның 240 азаматы, әскериі мен қауіпсіздік қызметкері, 36 бүлікші қаза тауып, 40 мыңнан астам адам құрықталды. Олардың 20355-і  түрмеге қамалды.  Гүлен лаңкестік тобының мүшелері мен осы топқа қарасты компаниялар мен қаржы көздерінен тазарту мақсатында 4000-нан астам институт, компания, азаматтық кеңсе, университет, аурухана, мектеп, радио толқын мен телеарна, газет пен журнал жабылды»,-деді. Йылдырымның айтуынша, осы мекемелердің арасында 15 вакфтық университет, 19 кәсіподақ, ондаған радио және телеарна, 35 аурухана, 1061 оқу орталығы мен 1125 ұйымның жұмысы тоқтатылды.