Сейед Хасан Насролла: Қарсыласу қозғалысының күштері кез келген соғысты жеңеді
(last modified Sat, 20 Aug 2016 09:17:37 GMT )
Там 20, 2016 15:17 Asia/Almaty
  • Сейед Хасан Насролла: Қарсыласу қозғалысының  күштері кез келген соғысты жеңеді

Ливан Хизболласының Бас хатшысы "Ливанда жаңа соғыс болса, Хизболла жеңіске жетеді»,- деп қуаттады.

«Меһр» ақпарат агенттігінің  мәліметі бойынша, Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролла жұма күні кешке Ливанның «Әл-Минар» арнасына берген сұхбатында: «Қарсыласу қозғалысының 2006-шы жылғы 33 күндік соғыстағы жеңісі тосын болды. Өйткені сионистік режимнің шабуылдары бұл соғыста аталмыш режимнің арабтарға қарсы барлық соғыстарынан көбірек болды және  ол аймақтық және халықаралық қолдауларға ие болып, қарсыласу қозғалысын жоюды мақсат етті. Сионистердің ең маңызды мойындауларының қатарына  «егер біз Хизболланы  сәтсіздікке ұшыратқымыз келс, бұл іс соғыс және тікелей бетпе-бет келу арқылы мүмкін емес және Иранға қарсы соғыстың да пайдасы жоқ» деген мойындаулары жатады. Сондықтан олар қарсыласу қозғалысынан Сирияны шығаруды мақсат етті. 33 күндік соғыстың негізгі мақсаты Ливан, Сирия және Палестинадағы қарсыласу қозғалысын құртып, соңында Иранды оқшаулау болды»,- деп қуаттады.