Иран мен Ирак парламентінің төрағалары Теһранда ақпарат отырысын өткізді
(last modified Sat, 20 Aug 2016 14:56:00 GMT )
Там 20, 2016 20:56 Asia/Almaty
  • Иран мен Ирак парламентінің төрағалары Теһранда ақпарат отырысын өткізді

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Ислам республикасының Ирактың жер тұтастығын аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылық орнату үшін маңызды бір қағида деп санайтынын мәлімдеді.

Иран мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани Теһранда Ирак парламентінің төрағасы Салим әл- Жабуримен өткізген ортақ ақпарат отырысында тілшілер алдында: «Иран мен Ирак үкіметі Ирак ішінде лаңкестік дағдарысын шешуге және осы елде көбірек ықпалдастық үшін барынша талпыныс жасауға ден қойып отыр.

Аймақтағы мұсылмандардың тағдыры Иран үшін де, Ирак үшін де алаңдатарлық. Аймақта саяси және қауіпсіздік жағынан тұрақтылық орнатуға қос жақты ынтымақтастықтарды кеңейту екі ел ден қойып отырған тақырыптарға жатады» деді.

Ирак парламентінің төрағасы Салим әл- Жабури де осы ақпарат отырысында «Иран ДАИШ лаңкестік тобымен күресте және Ирак халқына көмек көрсетуде аса белсенді рөлге ие. Аймақ елдері біріншіден лаңкестікке тосқауыл қою мәселесіне ден қоюы керек. Иран маңызды ел болып табылады. Ирак Иранмен барлық салада, әсіресе экономикалық және парламенттік салада аса мықты және ауқымдырақ байланыс жасауды мақсат етеді» деді.