Сауд Арабиясы Йеменде химиялық оқ-дәрілерді қолданды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i13186
Сауд Арабиясы Йемен астанасы Сананың бір ауданын құрамында химиялық заттар бар оқ-дәрілермен атқылады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 21, 2016 15:09 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы Йеменде химиялық оқ-дәрілерді қолданды

Сауд Арабиясы Йемен астанасы Сананың бір ауданын құрамында химиялық заттар бар оқ-дәрілермен атқылады.

Йеменнің «Хабар» ақпарат сайтының хабарлауынша, Сауд Арабиясының басқыншылары сенбі күні кешке Сана облысына қарасты Нахм ауданы мен оның атырабындағы ауылдарды құрамында химиялық заттар бар оқ-дәрілермен атқылаған. Осы шабуыл салдарынан аталған ауданның тұрғындары өздерін әлсіз сезініп, естерінен танып қалған.

Саудиялық басқыншылар құрамында химиялық заттар бар оқ-дәрілерді бұрын-соңды қолданбаған болатын. Бірнеше ай бұрын бұл аудан саудиялықтардың шабуылына ұшырады. Мұндай қару жуырда ғана олардың қолданысына берілгенге ұқсайды.

Мұнымен бір мезгілде саудиялық қырғи ұшақтар Саада облысындағы Кетаф қаласын да бомбалады.

Басқа жағынан Йеменнің армиясы мен халықтық күштері саудиялық жалдамалылардың Нахм қаласындағы ілгерілеушіліктерін тоқтатты. Бұл әскери амалда жалдамалылардың бірқатары қаза болып, кейбіреулері жараланды.

Йемен армиясы мен халықтық күштері, сондай-ақ, Джизандағы әл-Хубе елді мекені мен Наджранның Сақам ауданындағы саудиялық әскерилердің позицияларын зымыранмен нысанаға алды.