Ирак Парламентінің төрағасы Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасымен кездесті
(last modified Mon, 22 Aug 2016 08:23:44 GMT )
Там 22, 2016 14:23 Asia/Almaty
  • Ирак Парламентінің төрағасы Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасымен кездесті

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы шиіттер мен сүнниттерге кез-келген қайшылықтан бас тартуға шақырды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Хашеми Рафсанджани жексенбі күні  Теһранда Ирак Парламентінің төрағасы Салим әл-Жабуримен кездесіп: «Шиіт пен сүннит қайшылықтары қоғамда мазхабтық жауластықтарды арттырады. Бұл тек ислам дұшпандарының мүддесіне сай келеді»,-деді.

Аятолла Хашеми Рафсанджани Ирак басшыларына: «Лаңкестер жойылғаннан кейін елде ішкі қайшылықтар жалғаса беретін болса, Саддам сияқты диктатордың билікке келуіне жағдай жасалады. Ол өз билігін арттыру үшін Иракты отаршылдардың қолына беретін болады»,-деді.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы Сауд Арабиясындағы  жаңа билеушілердің ақылға сыймайтын әрекеттеріне өкініш білдіріп: «Алла үйінің түндігін ұстаушымыз деп уәж айтатындар ислам үмбетінің орасан зор байлығын мұсылмандарды өлтіруге жұмсайды»,-деді.

Ирак Парламентінің төрағасы Салим әл-Жабури де осы кездесуде: «Лаңкестікті жеңу үшін ислам елдері, әсіресе аймақ елдері, соның ішінде көршілес елдер жұмыла әрекет етуі керек»,-деді.

 

Тегтер