Түркияда 5 адам "Сионистік режимнің консулдығына кіруге ұмтылды" деген айыппен құрықталды
Түркия полициясы 5 адамды "Сионистік режимнің консулдығына кіруге ұмтылды" деген айыппен құрықтады.
Түркияның «Анадолы» үкіметтік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 5 адам дүйсенбі күні таңертең Ыстамбұлдағы Израиль консулдығындағы сауда орталығына кірген кезде полиция қызметкерлері оларды ұстап алған. «Анадолы» ақпарат агенттігі сондай-ақ Ыстамбұлдағы Израиль консулдығы ғимаратының айналасында қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін хабарлады. 2010 жылы сионист күштердің Газа халқына гуманитарлық көмектерді тиеген «Мави Мармара» кемесіне жасаған шабуылынан Түркияның 9 азаматы өліп, бірнешеуі жараланған болатын. Осы мәселе екі жақ байланысының нашарлап кетуіне себеп болған еді. Алайда өткен айда Түркия парламенті Израильмен байланысты қалпына келтіру туралы келісімді бекітті. Осы мәселе Түркия халқының ауқымды наразылығына тап болды.