Ирактағы Сауд Арабиясы елшісіне қарсы террор туралы ақпарат теріске шығарылды
Ирактың Сыртқы істер министрлігі өз хабарламасында бір топтың Бағдадтағы Сауд Арабиясы елшісіне қарсы террор жасауға талпынғаны туралы ақпараттарды толығымен теріске шығарды.
Ирактың Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Ахмад Джамал дүйсенбі күні осы хабарламада бір топтың Бағдадтағы Сауд Арабиясы елшісі Самер әс-Сабаһанға қарсы террор жасауға бағытталған кез-келген талпынысын теріске шығарып: «Шетелдік елшіліктер мен дипломатиялық корпустың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Ирак үкіметінің міндеті. Ешбір дипломатиялық корпус осы уақытқа дейін қауіпсіздіктің жоқтығы немесе қатер төну ықтималдығы жөнінде шағымданған жоқ»,-деп баса айтты.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ирактың Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы бұл жалған ақпараттардың Бағдад пен эр-Риядтың қарым-қатынасын бұзу мақсатымен жарияланғанын қуаттаған.
Сауд әулетіне бағынышты «әш-Шарқ әл-Аусат» газеті бір мақаласында «Екі ирактық топ Иранның бұйрығымен Бағдадтағы Сауд Арабиясының елшісі әс-Сабаһанға қарсы террор жасауға жоспар құрды» деп жазды.
Самер әс-Сабаһан ДАИШ-пен күресіп жатқан Ирактың халықтық топтары туралы сан рет пікір білдірді. Оның сөздері ирактықтардың, әсіресе Парламент депутаттарының реакциясына ұшырады.