Иран Газа секторы мен әл-Ақса мешітіне қарсы шабуылдарды айыптады
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы сионистердің Газа секторы мен әл-Ақса мешітіне қарсы шабуылдарын айыптады.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми сейсенбі күні сионистік режим әскерінің Газа секторындағы қорғансыз палестиналықтарға қарсы таяудағы шабуылдарын айыптап: «Бұл шабуыл қасиетті Құдсты жаулап алушылардың шапқыншылығы мен олардың палестиналықтар мен Палестинаның мадақтауға лайық табандылығының алдында әлсіз екендіктерін көрсетті»,- деді.
Ғасеми сонымен бірге әл-Ақса мешітін өртеудің 47-ші жылдығы мен осы мешітке қарсы әрекеттердің, соның ішінде оның асты мен айналасында қазба жұмыстарының жалғасуын еске салып, сионистік режимнің қасиетті Құдсты еврейлендіру саясатын қабылдауға болмайтын саясат деп атап, бұл үдерісті тоқтату үшін халықаралық деңгейде шара қолдануды талап етті.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы кейбір үкіметтердің сионистік режиммен қарым-қатынастарын қалыпқа келтіру жолындағы талпыныстарын бұл режимнің Палестинаның мазлұм халқына қарсы қылмыстарына назар аудармауының белгісі деп атап: «Бұл сионистердің арсыздығының артуына себеп болуда. Сондықтан исламдық елдердің басшыларының көбі Палестина халқының мақсаттарының алдында жауапкершіліктерін сезулері керек» деп қуаттады.