Аймақта Нетаньяхудің саясаттарына қатысты сын көбейді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i1336
Сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың Палестина халқы интифазасының жаңа кезеңін ауыздықтау және басып алынған жерлердегі қиындықтарын шешуге бағытталған саясаттары жеңіліске ұшырағаннан кейін осы режимнің басқа бір қайраткері Нетаньяхудың отставкаға кетуін талап етті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 23, 2016 17:07 Asia/Almaty
  • Аймақта Нетаньяхудің саясаттарына қатысты сын көбейді

Сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың Палестина халқы интифазасының жаңа кезеңін ауыздықтау және басып алынған жерлердегі қиындықтарын шешуге бағытталған саясаттары жеңіліске ұшырағаннан кейін осы режимнің басқа бір қайраткері Нетаньяхудың отставкаға кетуін талап етті.

«Исраэль Бейтейну» (Израиль біздің үйіміз) сионистік партиясының басшысы әрі осы режимнің бұрынғы Сыртқы істер министрі Авигдор Либерман Беньямин Нетаньяхудың саяси-экономикалық және қауіпсіздік салаларындағы саясаттарын сынап: «Нетаньяху мен оның Моше Яалон сияқты әріптестері Израиль үшін ауыр жағдай тудырды. Осы жағдайдан шығудың ең жақсы жолы – аталмыш адамдардың отставкаға кетуі. Израиль Премьер-министрі ішкі салада ойластырылмаған саясаттар қабылдау арқылы ел азаматтары үшін ауыр жағдай тудырды. Сыртқы саясатта да бірінші рет Израильдің қалашықтарынан өндірілетін өнімдердің Еуропаның нарығында санкцияға ұшырауына себеп болды»,-деді.

Сионистік режим Премьер-министрінің амал-әрекеттеріне айтылған сындар көбейген соң осы режимнің бірқатар жоғары лауазымды тұлғалары соңғы апталарда осы режимнің Министрлер кабинетінің, әсіресе Премьер-министрінің саясаттарын сынап, осы үкімет пен оның басшысының отставкаға кетуін талап етті. «Йеш Атид» (Келешек бар) сионистік партиясының басшысы Яир Лапид өткен аптада Премьер-министрдің қате саясаттарына байланысты сионистік режимнің болашағына алаңдаушылық білдіріп: «Израиль үкіметі оң іс атқара алмайды. Көптеген алшақтықтар пайда болды. Сол себепті Нетаньяху үкіметі осы жылдың аяғына дейін ғана шыдап тұра алады, содан соң құлайды»,-деген болатын. Лапидтің айтуынша, Израильдің халықаралық жағдайы оның құрылған күнінен бергі ең нашар жағдайда тұр, саяси салада да ешбір мәселе шешіліп жатқан жоқ.

Сионистік режимнің «Авода» (Жұмысшылар) партиясының басшысы әрі Кнессетте Нетаньяхудың қарсыластарының жетекшісі Ицхак Герцог те осы режимнің Премьер-министрінің Құдс интифазасын ауыздықтау жолындағы саясаттарының жеңіліс тапқанына тоқталып: «Нетаньяху мен Яалонның саясаттары Палестина халқының сионистерге қарсы күресін тоқтатпағаны былай тұрсын, соңғы айларда палестиналық интифазаның кеңейе түсіп, Израильдің егемендігіне ауыр қатер төнуіне себеп болды»,-деген еді.

Сионистік режимнің жауапты тұлғаларының Нетаньяху бастаған осы режимнің үкіметінің саясаттарын сынауы БҰҰ-ның Бас хатшысы осыдан біраз бұрын осы үкіметтің, әсіресе басып алынған жерлерде қалашық салу және палестиналықтардың интифазасын басып-жаншуға қатысты амалдарын сынап, палестиналықтардың басқыншы күштерге қарсы тұруға құқығының барлығын және бұл қарсыласудың халықаралық деңгейде танылған құқық екенін айтқан жағдайда орын алып отыр.

Осындай сипаттамалармен Палестина халқының соңғы айлардағы сионистерге қарсы қарсыласуының жаңа кезеңі сионистік режимнің Палестина жерін басып алуды жалғастыру саясатын бұзып, осы режимнің басқыншылық және қылмыстық саясаттарына қарсы ішкі-сыртқы наразылықтар толқынын тудырады және бұл үдерістің жалғасуы Министрлер кабинетіне ғана емес, осы режимнің егемендігіне де қауіп төндіреді деп айтуға болады.