Түркия Премьер-министрі: Башар Асад үкіметін назардан тыс қалдыруға болмайды
Түркия Премьер-министрі осы елдің «Хабар» арнасына берген сұхбатында: «Сирияда бір саяси шешім жолына жету үшін Башар Асад үкіметін назардан тыс қалдыруға болмайды»,-деді.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бен Әли Йылдырым Башар Асад үкіметінің Сирия дағдарысын шешудегі рөліне тоқталып: «Түркия Мысырмен қарым-қатынасын жақсартуды қажет етеді. Анкараның Каирмен қатынасы мұндай жағдайда жалғаса алмайды»,-деп мәлімдеді.
Түркия Премьер-министрінің сөздері Түркия қолдап отырған бүлікшілердің сәрсенбі күні Сирияның Джераблус қаласына баса-көктеп кіріп, осы қаланың орталық бөлігін басып алғаннан бірнеше сағат өткен соң айтылды.
Ресей ДАИШ және басқа да лаңкестік топтармен күрес сылтауымен Түркия әскерилерінің Сирияға жіберілгеніне қатты алаңдаушылық білдіріп, Анкараны бұл істен бас тартуға шақырды.