«Yenisafak»: Түркия күштері Сирия күрдтері демократиялық бірлік партиясына шабуыл жасауға бұйрық алды
(last modified Sat, 27 Aug 2016 17:33:01 GMT )
Там 27, 2016 23:33 Asia/Almaty
  • «Yenisafak»: Түркия күштері Сирия күрдтері демократиялық бірлік партиясына шабуыл жасауға бұйрық алды

Түркия армиясы осы елдің Сириядағы әскерилеріне егер Сирия күрдтері демократиялық бірлік партиясы күштерінің Джараблус қаласына қарай бер алса оларды нысанаға алуға жарлық берді.

 Түркияда шығатын «Yenisafak» газетінің интернет торабының мәлімдеуінше, осы елдің армиясы Сирияда бастаған «Эфрат қалқаны» амалдарының жалғасуымен бір мезгілде  Түркия армиясының 10 танк пен 50 кісілік бір әскери күштер бөлімшесі кеше Сирияға кірген. Сириядағы Түркия әскери күштерінің саны 380 адамға, танктерінің саны 40- қа жеткен.

Түркияның әскери дереккөздері осы ел Сирия күрдтері демократиялық бірлік партиясы мен күрд халқын қорғау бөлімшелерінің Манбидж қаласын босатуын талап етіп отырғанын қуаттайды.

Осы дереккөздерінің айтуынша, Джараблуста жағдай кеше тыныш болған. Осы аймақты минадан тазарту амалдары әлі жалғасуда.