Газада сионистік режимнің тыңшылық ұшағы құлатылды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i13555-Газада_сионистік_режимнің_тыңшылық_ұшағы_құлатылды
Газа секторының солтүстігінде қарсыласу күштері тарапынан сионистік режимнің бір ұшқышсыз тыңшылық ұшағы құлатылды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 28, 2016 14:10 Asia/Almaty
  • Газада сионистік режимнің тыңшылық ұшағы құлатылды

Газа секторының солтүстігінде қарсыласу күштері тарапынан сионистік режимнің бір ұшқышсыз тыңшылық ұшағы құлатылды.

QODSNA агенттігінің Ливанның «al-Mayadeen» телеарнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Палестинаның қарсыласу күштері жексенбі күні таңертең Газа секторының солтүстігіндегі Бейт-Ханунның көгінде ұшып жүрген сионистік режимнің бір ұшқышсыз ұшағын құлатқан.

Сионистік ақпарат құралдары да осы ұшқышсыз ұшақпен байланыстың үзілгенін хабарлады.

Палестина жайлы келесі бір хабар бойынша, сионист басқыншылар Джанининің оңтүстігінде 5 палестиналықты қару ұстады деген айыппен қамауға алған. Сионистер әрдайым өздерінің экспансиялық мақсаттарына жету үшін әртүрлі сылтаулармен, соның ішінде қару ұстау сылтауымен палестиналықтарды өлтіреді, жаралайды немесе қамауға алады.