Газада сионистік режимнің тыңшылық ұшағы құлатылды
Газа секторының солтүстігінде қарсыласу күштері тарапынан сионистік режимнің бір ұшқышсыз тыңшылық ұшағы құлатылды.
QODSNA агенттігінің Ливанның «al-Mayadeen» телеарнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Палестинаның қарсыласу күштері жексенбі күні таңертең Газа секторының солтүстігіндегі Бейт-Ханунның көгінде ұшып жүрген сионистік режимнің бір ұшқышсыз ұшағын құлатқан.
Сионистік ақпарат құралдары да осы ұшқышсыз ұшақпен байланыстың үзілгенін хабарлады.
Палестина жайлы келесі бір хабар бойынша, сионист басқыншылар Джанининің оңтүстігінде 5 палестиналықты қару ұстады деген айыппен қамауға алған. Сионистер әрдайым өздерінің экспансиялық мақсаттарына жету үшін әртүрлі сылтаулармен, соның ішінде қару ұстау сылтауымен палестиналықтарды өлтіреді, жаралайды немесе қамауға алады.