Сирия БҰҰ-на Түркияның шабуылы туралы наразылық хат жазды
(last modified Tue, 30 Aug 2016 08:54:43 GMT )
Там 30, 2016 14:54 Asia/Almaty
  • Сирия БҰҰ-на Түркияның шабуылы туралы наразылық хат жазды

Сирияның СІМ БҰҰ Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің басшысына жеке хаттар жазып, Түркияның Сирияның солтүстігіне шабуылдарының жалғасуын айыптады.

Press TV телеарнасының хабарлауы бойынша, Сирияның СІМ дүйсенбі күні  осы хаттарда: «Сирияның территориялық тұтастығын бұзу және Түркияның Сирияда әскери амалдар жүргізуі соғыс қылмысы және адамзатқа қарсы қылмыс болып саналады.

Франция, АҚШ, Ұлыбритания, Сауд Арабиясы мен Катардың Түркияны жан-жақты қолдауын жалғастыруы Сирия мен әлемнің басқа елдеріндегі терроризмге ашық түрде қолдау көрсетуі болып табылады»,-деп баса айтты.

Сирия үкіметінің бұл реакциясы al-Jazeera  телеарнасы дүйсенбі күні «Сирияның азат армиясы» деп аталатын наразы топ содырларының Түркияның әуе және құрлықтан қолдауы арқасында Алеппо облысында Джераблус қаласының оңтүстігі мен батысындағы 17 ауылды  ДАИШ лаңкестерінен тазартып, Манбидж қаласы бағытында ілгерілеу үстінде деп хабарлаған жағдайда айтылып отыр.