Бахрейндіктердің шейх Иса Ғасемнің үйінің алдындағы ереуілі жалғасуда
https://itolqyn.com/news/west_asia-i13726
Бахрейн халқының осы ел шиіттерінің жетекшісі шейх Иса Ғасемнің азаматтығының күшін жоюға қатысты наразылық ереуілі әлі жалғасуда.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 31, 2016 06:56 Asia/Almaty
  • Бахрейндіктердің шейх Иса Ғасемнің үйінің алдындағы ереуілі жалғасуда

Бахрейн халқының осы ел шиіттерінің жетекшісі шейх Иса Ғасемнің азаматтығының күшін жоюға қатысты наразылық ереуілі әлі жалғасуда.

«Sawt al-Manama» ақпарат торабының сейсенбі күнгі мәлімдеуі бойынша, Бахрейн халқы Халифе әулеті режимінің шейх Иса Ғасемге қарсы басып- жаншу шараларына наразылықта осымен 71- ші күн қатарынан шейх Иса Ғасемнің үйінің алдындағы ереуілін жалғастыруда.

Ал-Дираз аймағын Халифе әулеті режимінің қауіпсіздік күштері қатаң қоршауға алып отырған жағдайда бахрейндік наразы халық бүгін таң намазын шейх Иса Ғасемнің үйінің алдына оқыды.

Осындай жағдайда бір топ бахрейндік рухани қайраткерлер мен үлемдер Халифе әулеті режимінің басып-жаншу саясатының жалғасында шақырылып, құрықталды.

Бахрейннің адам құқығы комитеті де өз есебінде Халифе әулеті режимін сынап, осы режимді рухани қайраткерлерге қысым жасап, олардың құқықтарын бұзды деп айыптап отыр.