Таяу Шығыстағы бітім үдерісіне шолу
(last modified Wed, 31 Aug 2016 12:57:33 GMT )
Там 31, 2016 18:57 Asia/Almaty
  • Таяу Шығыстағы бітім үдерісіне шолу

БҰҰ Бас хатшысының Таяу Шығыс істері жөніндегі арнайы өкілі Николай Младенов: «Бітім келіссөздерінің ешқандай перспективасы жоқ. Басып алынған жерлердегі таяудағы өзгерістер Палестина дағдарысын күшейтті»,- деді.

БҰҰ Бас хатшысының Таяу Шығыс істері жөніндегі арнайы өкілі Николай Младенов: «Өткен жылдардағы Израильдің билікқұмарлығы мен бейбітшілікке қарсы әрекеттері Палестинаның шамамен 70 жылдық дағдарысын күшейтті. БҰҰ-ның  бітім келіссөздерінің нәтижеге жетпеуін мойындауы, БҰҰ мен осы ұйымның Бас хатшысының Палестина дағдарысына шара қолданбауы Израиль режиміне қылмыстарын  жалғастыру үшін қажет мұрсат берді»,- деп мәлімдеді.

Осыдан біраз уақыт бұрын БҰҰ Бас хатшысының арнайы кеңесшісі Дженифер Велш бұл ұйымның, әсіресе  Қауіпсіздік кеңесінің Палестина мәселесіне қатысты тұрақсыздығын сынап: «БҰҰ әсіресе, оның Қауіпсіздік кеңесі еш уақытта палестиналықтарға қатысты тұрақты ұстаным білдірген жоқ. Халықаралық қауымдастықтың Палестина дағдарысына қатысты ұстанымы БҰҰ-ның бұл мәселені шешуге шара қолданбағанын, керісінше бұл мәселенің дағдарысты күшейтіп, сионистік режимнің қылмыстарын арттыруға әкелгенін көрсетеді. БҰҰ-ның халықаралық және аймақтық ұйымдар арқылы мәселені шешу жолында жасаған көмектері Палестинаның мәселесін шешкен жоқ. Бұл салада БҰҰ кіретін Таяу Шығыстың төртжақты комитетін атауға болады. АҚШ, Ресей, Еуроодақ пен БҰҰ кіретін төртжақты Таяу Шығыс комитеті 2002-ші жылы Израиль мен палестиналықтардың бейбітшілік үдерісіне арағайындық жасау мақсатында құрылған. Бірақ осы кезге дейін айтарлықтай нәтижеге жеткен емес.

Халықаралық қауымдастық пен аймақтық ұйымдар  осы кезге дейін Палестина мәселесін бітім үдерісі арқылы шеше алмай, палестиналықтарға зиян келтіруден басқа нәтижеге жетпеді.

Батыс үкіметтері, әсіресе АҚШ-тың Израиль режиміне қолдау көрсетуі мен БҰҰ басшыларының бұл режимге қарсы шара қолданбауы Израиль үшін қылмыстарын күшейтуге жол ашты.

АҚШ БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне тіпті Израильді Палестина халқына қарсы қылмыстары үшін айыптауға да тыйым салды. Батыс үкіметтерінің әрекеттері мен БҰҰ жұмыстарының шектеулігі қоғамдық пікірдің сынына тап болды.

Шын мәнінде халықаралық қауымдастықтың Израильдің қылмыстарына қарсы шара қолданбауы осы елдің қылмыстарын жалғастыруына себеп болып, мұндай әрекет  сионистік режимге кепілдік беруде. Бұл мәселе  қоғамдық ой-пікірдің БҰҰ мен оның басшыларының іс-әрекеттерін сынауына себеп болып отыр.