Ресей сионистік режимнің қалашық салу ісін арттыруына алаңдаушылық білдірді
Қыр 04, 2016 14:26 Asia/Almaty
Ресейдің Сыртқы істер министрі Мәскеудің сионистік режимнің Палестина жерінде қалашық салуды арттыруға шешім қабылдауына алаңдаушылық білдіретінін мәлімдеді.
«Спутник» ақпарат агенттігінің Мәскеуден хабарлауы бойынша, Ресей СІМ сенбі күні, сондай-ақ: «Иордан өзенінің батыс жағалауында қалашық салуды арттыруға келісу тараптар арасындағы тұрақтылық пен тыныштыққа қауіп төндіріп, қақтығыс тудырады»,-деп мәлімдеді.
Өткен сәрсенбі күні сионистік режим Иордан өзенінің батыс жағалауында 285 жаңа тұрғын үй салуға келісім берді. Бұл 1980 жылдары салынған 179 тұрғын үйдің заңды деп танылуына әкеліп соқтырады.
Тегтер