Мина апатына жауаптыларды соттау қажет
(last modified Sun, 04 Sep 2016 16:01:43 GMT )
Қыр 04, 2016 22:01 Asia/Almaty
  • Мина апатына жауаптыларды соттау қажет

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасы хатшысының халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі: «Адам құқығын қорғау ұйымдарының Сауд Арабиясы үкіметінен Мина апатына жауап беріп, оның шығындарын өтеп, оқиғаға жауаптыларды жазалауды талап етуі адам құқығын қолдаушымыз деген уәждерін дәлелдеудің азғана көрінісі болады»,-деді.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасы хатшысының халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі сейіт Мұхаммадәли Хосейни Мина оқиғасының есеңгірететін көлемі мен Иран тарапынан осы апат құрбандарының жанұяларының құқықтарын орындау үшін атқарған шараларын сараптап: «Қайғылы Мина апаты орын алып, Алланың ең таза пенделері мен Бейт ул-Харам қажылары арасынан мыңдаған адамның азаппен өлтірілгеніне бір жыл өтсе де, Сауд үкіметінің осы оқиғаға қатысты жауапкершілікке тартылмағаны былай тұрсын, кедергілер жасалып, Алла үйіне барар жол жабылып, бүгінде илаһи үкімдердің бірі қажылық парызын өтеуді қалаған ондаған мың адамның жолдан қалуына себеп болды. Тіпті егер Сауд әулеті Мина оқиғасында алдын ала жоспарлаған қасақана бағдарламасы болмаса да, басқаруда біліксіздік танытып, алдын ала болжауда немқұрайдылық танытып, осы оқиға кезінде қажетті шаралар атқармағанын қабылдау, жауаптыларды жазалау және шығындарды өтеу саудиялық қайраткерлер атқаруы тиіс болған азғантай іс болып табылады»,-деді.