Аятолла Макарем Ширази: Вахабизм – Ислам мен адамзат үшін үлкен қатер
(last modified Mon, 05 Sep 2016 08:36:46 GMT )
Қыр 05, 2016 14:36 Asia/Almaty
  • Аятолла Макарем Ширази: Вахабизм – Ислам мен адамзат үшін үлкен қатер

Иранның діни ғалымдарының бірі аятолла Макарем Ширази осы күні вахабизмнің өзінің қылмыскер және рақымсыз адамдарымен Ислам мен адамзат үшін ең үлкен қатер болып табылатынын мәлімдеді.

ИРНА-ның мәліметінше, аятолла Макарем Ширази жексенбі күні діни оқу орталықтарының оқу жылының басталу рәсімінде: «Қазіргі жағдайда уаһабшы топтар Ислам дінінің абыройын түсіріп, әлемнің әртүрлі жерлерін қиратып, қылмыс жасауда. Сондықтан оларды мұсылмандар мен әлемдіктерге таныстырып, олардың мұсылман емес екендігін туралы жариялауымыз қажет. Жастарымыз вахабизм мен ДАИШ-тың торына түспес үшін вахабизмді таныстыруымыз қажет. Шиіт ғалымдарының ағарту жұмыстарының нәтижесінде осы күні сүнниттер де вахабизмді таныстыруға кірісті. Шешенстанда өткен  конференцияда вахабизмнің мұсылмандарға қатысты емес екендігі жарияланды. Сауд Арабиясы мен уаһабшы ғалымдар бұл мәлімдемеден қорқып жатыр. Вахабизм неғұрлым тезірек құриды деп үміттенеміз. Вахабизмнің жойылуымен барлық мәселелер, соның ішінде қажылық мәселесі шешіліп, Ислам әлемі олардан құтылады»,- деп мәлімдеді.