Ислам революциясы жетекшісінің Үлкен Қажылық жиынына жолдауы
(last modified Tue, 06 Sep 2016 15:46:09 GMT )
Қыр 06, 2016 21:46 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің Үлкен Қажылық жиынына жолдауы

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи дүйсенбі күні Үлкен Қажылық жиынына жолдауында қажылық маусымын мұсылмандар үшін халықтың көзінде мақтаныш пен салтанат ұшқындайтын маусым; жүректің нұрланатын маусымы; Жаратушы алдында бас иіп, құлшылық ететін маусым деп атады.

«Ислам діні мұсылмандарға сыйлаған ибраһимдік қажылық – руханилық пен бірліктің символы. Ислам үмбетінің салтанаты мен олардың Алланың таусылмас құдіретіне арқа сүйеуін жамандық тілеушілер мен дұшпандардың алдына тартып, халықаралық үстемшілдер мен алпауыттардың адамзат қоғамдарына таңып отырған жемқорлық, бағыныштылық пен езгі батпағынан олардың қандай қашықтықта екенін айқын көрсетеді. Осы тұрғыдан қажылық – мүшіріктерден тазарып, мүміндермен достасып, бірігетін жер»,-деді.

Бұл жолдауда хазірет қажылықтың маңызды қырларына саяси және рухани көзқарас тұрғыларынан тоқталып: «Қажылықты саяхат  деңгейіне дейін түсірген және Иранның мүмін әрі революцияшыл халқымен жауластығы мен кегін қажылықты саясиландыру тақырыбының астына жасырған адамдар – үлкен шайтан АҚШ-тың мүдделеріне қатер төнуден  қалтыраған кіші шайтандар»,-деді.

Йемен мен Сирия және басқа да мәселелерге қатысты өз қатынасының басқа қырларына әдеттенген Сауд Арабиясының мемлекеттік қайраткерлері теріске шығару немесе жасырын әрекет ету саясатын жалғастырып отыр, алайда бұл тәсіл Сауд Арабиясы үкіметін Мина апатына қатысты жауапкершіліктен босатпайды. Осы тұрғыдан Ислам революциясының жетекшісі өз жолдауының бір бөлігінде қажыларға: «Саудиялық басшылардың өткен жылдардағы қажылық рәсімдері кезінде орын алған оқиғаларға кінәлі екендігінде күмән жоқ. Әрине, осы оқиғалардағы  жеңілтектік – дәлелденбеген оптимистік жорамал, оқиғалардың қасақана жасалғандығы туралы болжам одан байсалдырақ»,-деді.

Осы апатта жараланғандарды құтқаруда кідіріс жасап, салғырттық таныту – кесімді мәселе. Сауд әулеті бұған жауап беруі тиіс, өйткені осы қылмыс салдарынан әртүрлі елдердің ондаған мың жанұясы өз туысқандарынан айырылып, халқы қара жамылды. Мина оқиғасы қай тұрғыдан болса да, Сауд Арабиясындағы жауапты тұлғалардың біліксіздігін көрсетеді.

Көптеген елдердің қажылары өткен жылғы қажылық рәсімдерінде әртүрлі оқиғалардың салдарынан жан тәсілім етті. Осы оқиғалардың көбінің факторлары адамның қателіктері және Сауд Арабиясының жауапты тұлғаларының басқарудағы жауапсыздығы мен біліксіздігі болды. Қаза болғандардың арасында 500-ге жуық ирандық болды.

Ислам елдері мен халықтары осыған қатысты қанағаттандырарлық жауаптың берілуін күтуде. Осы апаттың пайда болу факторларын толық зерттеп, оның нәтижесін жариялау ғана белгісіздіктерді анықтап, жауапсыз сұрақтарды айқындап береді. Саудиялықтар тіпті ақиқат іздеуші халықаралық исламдық топ құрудан бас тартып, енді Иранды ирандық зияратшылардың биылғы жылғы қажылыққа бармауына жауапты деп көрсетіп отыр.

Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, тәкфирлік және қылмыстық топтарды құрып, жасақтау арқылы ислам әлемін азамат соғыстары мен жазықсыз жандардың өлтіріліп, жаралануына душар қылған, Йемен, Ирак, Сирия, Ливия мен басқа да елдерді қанға бөктірген, Құрбан айт күнгі Минада және одан бұрын  әл-Харам мешітінде қажыларды құрбан еткен іріткі салушы саудиялық басшылар бүгінде қажылықтың саясиланбағанын айтып, өзі жасаған үлкен кінәларға басқаларды айыптап отыр.

Мұсылман елдері мен халықтары жауапты міндетке ие. Олар саудиялық басшыларды дұрыс танып, ислам әлемінде жасаған қылмыстары үшін оларды жағасынан алуы тиіс.

 

Тегтер