Ердоған Сирияның солтүстігінде қауіпсіз аудан құруды талап етті
Түркия Президенті Режеп Тайып Эрдоған дүйсенбі күні Сирияның солтүстік шекарасынан 45 км ішкері жатқан ені 95 км ауданды Түркия армиясының көмегімен ДАИШ лаңкестерінен тазартқанын айтып, Мәскеу мен Вашингтонның қауіпсіздік саласындағы әріптестігімен бұл ауданды сириялық босқындарды орналастыру үшін дайындауға болатынын мәлімдеді.
Ердоған, сондай-ақ: «Түркия армиясының Сирияның солтүстігіндегі амалардары бұл елдің егемендігін бұзу емес. Анкара ДАИШ пен лаңкестердің шабуылдарын тоқтату үшін Сирия жеріне кірді»,-деген уәж айтты. Ердоған сөзінің соңында аймақтағы дағдарыстарды шешу үшін терроризммен әсерлі әрі тұрақты түрде күресудің шартын ешбір елді кемсітусіз жан-жақты әріптестік жасау деп атады.