Жетекші көзқарасы: Мина апатының қырлары ашылуы тиіс
(last modified Thu, 08 Sep 2016 11:21:07 GMT )
Қыр 08, 2016 17:21 Asia/Almaty
  • Жетекші көзқарасы: Мина апатының қырлары ашылуы тиіс

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи әлем мұсылмандары мен әл-Харам мешітіне баратын зияратшыларға жолдауынан екі күн өткен соң: «Сауд әулетінің ұрпағы қасиетті қалаларды басқаруға лайық емес»,-деп тағы да айтты.

Ислам революциясының жетекшісі сәрсенбі күні Мина апаты мен әл-Харам мешітінде қаза болғандардың жанұяларымен кездесуінде Сауд әулетінің Мина апаты кезіндегі біліксіздігі мен салғырттығына тоқталып: «Егер шын айтатын болса және оқиғаға кінәлі болмаса, ақиқат іздеуші исламдық-халықаралық топтың мәселені жақыннан қарастырып, шындығын анықтауға рұқсат етсін»,-деп баса айты.

Хазірет аятолла Хаменеи Иранды шындықты анықтау үшін Мина апатына қатысты істі қадағалаған жалғыз ел деп атап: «Мемлекеттердің, тіпті ислам әлемінің үлемдері, саяси белсенділері, ағартушылары мен экперттердің Мина апатында 7 мың зияратшының қайтыс болуына қатысты үнсіздігі – ислам үмбетінің үлкен мәселесі»,-деді.

Ислам революциясы жетекшісінің Мина апатының қырларын ашу қажеттігін бірнеше қайтара айтуы осы апаттан бір жыл өтсе де, саудиялық басшылардың ауызша кешірім сұраудан бас тартып, тіпті әл-Харам мешітінде Алланың парызын орындап жатқан кезде мыңдаған зияратшының қаза болғанына өкініш те білдірмегенінен туындап отыр. Саудиялық басшылар Мина апатында басқаруда жіберген олқылықтарына байланысты айыпталушының орнында тұрып, қаралы мұсылмандарға жауап беруі тиіс, алайда олар айыптаушының орнына тұрып алып, өзгелерді кінәлі деп көрсетіп жатыр.  

Саудиялық басшылардың Мина апатына қатысты қатынасы қасақана болмаса да, олардың жаралыларға көмектесудегі біліксіздігі қылмыс болып саналады. Осындай ашық қылмысқа қатысты үнсіздік қоғамдық пікірдің қалауы емес. Зардап шеккен қажылар мен Мина апатында құрбан болғандардың жанұяларының құқықтарын сақтау – тәбиғи нәрсе. Ислам революциясы жетекшісінің пікірінше, саудиялық жауапты тұлғалардың әрекеттеріне көңіл аудармау ислам әлемі үшін шынайы мәселе болып табылады.

Өткен жылы әртүрлі елдердің қажылары аяқ астында тапталып жатқанда саудиялық полиция қызметкерлері оларға көмектесудің орнына бақылап қана тұрып, жапа шеккендерді құтқару үшін тиісті шара қолданбады.  Осындай жағдайда саудиялықтардың әрекеттерін назарға алмай, үнсіз қалу орынды ма? Саудиялық режимнің өткен жылы Мина жеріндегі оқиғалардан кейінгі қатынасы және содан соң ислам үмбетін әлсірету үшін мұсылмандардың ең ірі жиыны – қажылықты саясиландыруы ислам әлемінің бұрынғыдан да көбірек сақтық танытып, назар аударуын талап етеді.

Сауд әулетінің шараларына көңіл аудармау қажылықтың ұлы жиынында мұсылмандардың бірлігін әлсіретті. Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, егер ислам әлемі қасиетті қалаларды басқару және қажылық мәселесіне қатысты түбегейлі шара ойластырмаса, ислам үмбеті болашақта бұдан да үлкен қиындықтарға ұшырайтын болады.

Сауд әулетінің қажылық мәселесіне қатынасы және АҚШ-пен әріптестігі саудиялық режимнің ислам үмбетіне қарсы тұрғанын және Йемен, Сирия, Бахрейн мен Ирак сияқты ислам елдерінде мұсылмандардың қанын төгіп жатқанын көрсетеді.  

Сауд Арабиясының саясаты осы шындықты дәлелдеп отыр. Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, жеккөрінішті саудиялықтар – ислам әлемінде кейбіреулері біліп, кейбіреулері білмей мұсылмандармен жауласып жатқан бір топ. Ислам әлемі оларға төтеп беріп, саудиялықтардың қожайындарына, яғни АҚШ пен Ұлыбританияға жиреніштерін білдіруі тиіс.