Бір млн ирандық зияратшы Ирак жеріне кірді
(last modified Thu, 08 Sep 2016 13:31:17 GMT )
Қыр 08, 2016 19:31 Asia/Almaty
  • Бір млн ирандық зияратшы Ирак жеріне кірді

Ирактың Ішкі істер министрлігі 1 млн ирандық зияратшының Ирак жеріне кіргенін хабарлады.

Ирактың Ішкі істер министрлігіндегі шекаралық бекеттер бөлімінің басшысы  Шокр Сами әл-Судани сәрсенбі күні: «Бір млн ирандық зияратшы Арафа зияраты рәсіміне қатысу үшін  Зарбатие шекаралық бекеті арқылы Ирак жеріне кірді. Ирактың шығысының шекаралық облысындағы тек Зарбатие-Меһран жолы арқылы бір млн ирандық зияратшы Ирак жеріне кірді. Ирандық зияратшылар биыл Кербалада имам Хосейн мен Абулфазл Аббастың кесенесінде болып, Арафа зияраты рәсімін өткізеді»,-деп мәлімдеді.   

Ирактың ақпарат құралдары осы хабарды жариялағаннан кейін «Сауд Арабиясының режимі биыл ирандық зияратшыларды қажылық рәсімдеріне қатысудан айырды, сол себепті ирандық зияратшылар Аба Абдулла Хосейн (ғ.) мен оның інісі Абулфазл Аббас(ғ.) кесенелерінің жанында Арафа зияраты рәсімін өткізуді жөн көріп отыр» деп мәлімдеді.

 

Тегтер