Йемен халқын қоршауға алу күшейді
(last modified Thu, 08 Sep 2016 13:52:47 GMT )
Қыр 08, 2016 19:52 Asia/Almaty
  • Йемен халқын қоршауға алу күшейді

Йеменнің Ансаролла қозғалысының ақпарат өкілі мыңдаған йемендіктің қоршаудың салдарынан елге кіре алмай отырғанын мәлімдеді.

Йеменнің Ансаролла қозғалысының ақпарат өкілі Мұхаммад Абдулсалам басқыншы коалиция тарапынан Йеменнің теңізден, құрлықтан және әуеден қоршауға алынғанына тоқталып: «Дұшпандардың әрекеттері Йемен халқына елдің біртұтастығы мен тәуелсіздігін қорғау жолындағы заңды құқықтарын пайдалануына тосқауыл бола алмайды»,-деді.

Абдулсалам саудиялық басқыншылар коалициясын Йемендегі қылмыстар мен бұрын- соңды болмаған сансыз шабуылдардың салдарларына жауапты деп атап: «Әлемдік қауымдастық Йемен халқының қиындықтарының жалғасуына тікелей жауапты»,-деді.

Ансаролла қозғалысының ақпарат өкілі, сондай-ақ, Йемен халқына басқыншылықтың одан ары жалғасуының алдын алуды және йемендіктердің елдің іші мен шет елдерге сапарына кедергілердің жойылуын талап етті.

Сауд Арабиясы 2015 жылдың наурыз айының 26 бастап, Йеменге қарсы ауқымды шабуылдарды бастап, осылайша Йеменнің отставкаға кеткен қашқын президенті Абд Раббе Мансур Хадиді билік басына қайтаруды көздеп отыр.