Қажылық рәсімдерін басқару үшін шара ойластыру қажет
(last modified Sat, 10 Sep 2016 09:14:43 GMT )
Қыр 10, 2016 15:14 Asia/Almaty
  • Қажылық рәсімдерін басқару үшін шара ойластыру қажет

Ислам революциясы жетекшісінің қажылық және зиярат істері жөніндегі өкілі ислам елдерінің қажылық рәсімдерін басқару үшін шара ойластыру қажеттігін айтты.

Ислам революциясы жетекшісінің қажылық және зиярат істері жөніндегі өкілі Әли Қази Әскяр Теһранның намазхандары алдында сөйлеген сөзінде Мина апатының орын алғанына бір жыл болғанына және  Сауд әулеті режимінің біліксіздігі салдарынан әл-Харам мешітіне барған көптеген қажылардың қаза болғанына тоқталып: «Ешкім Қағба мен әл-Харам мешітіне иелік ете алмайды. Бір топ барша ислам үмбетіне тиесілі қажылық рәсімі туралы шешім қабылдай алмайды»,-деп қуаттады.

Ислам революциясы жетекшісінің қажылық және зиярат істері жөніндегі өкілі Сауд әулеті режимінің ирандық зияратшылардың биылғы қажылық рәсімдеріне қатысуға кедергі жасағанына тоқталып: «Мұсылмандардың илаһи кітабы Құран Кәрімде бір адамның мұсылмандардың қажылыққа бара алмауына себеп болса, күнәға бататындығы айтылған рауаяттар көп.  

Осы парыз қазіргі бейберекет жағдайдан шығуы үшін қажылықты ислам әлемінің білікті тұлғалары басқаратын күн де жетер»,-деген үміт білдірді.