Қази Әскяр: Ислам әлемі Мина апатына қатысты реакция білдіруі керек
(last modified Sun, 11 Sep 2016 08:59:44 GMT )
Қыр 11, 2016 14:59 Asia/Almaty
  • Қази Әскяр: Ислам әлемі Мина апатына қатысты реакция білдіруі керек

Ислам революциясы жетекшісінің қажылық және зиярат істері жөніндегі өкілі: «Иран Мина апатына қатысты қарсылық білдірген жалғыз ел болды. Осы апатқа қатысты Ислам әлемі реакция білдіруі керек»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ислам революциясы жетекшісінің қажылық және зиярат істері жөніндегі өкілі Әли Қази Әскяр сенбі күні Теһранның оңтүстігіндегі Құм қаласында Мина апатында қаза болғандарды еске алу рәсімінде: «Өкінішке орай, Сауд Арабиясы кейбір ислам елдерінің басшыларын пара беріп сатып алған. Сол себепті ешкім осы апатқа қатысты наразылық білдірмеді. Мина апаты саудиялық жауапты тұлғалардың лайықты түрде басқара алмауы мен біліксіздігі салдарынан орын алды. Қажылық тарихындағы осы оқиға саудиялықтар үшін масқара жағдай болып қала береді»,-деді.

Ол ислам әлемінің Сауд әулеті үкіметінен оқиғаға жауап беруді талап етуі тиістігін айтып: «Саудиялықтар Мина апатын Алланың жазмышы деп атап, өздерінің біліксіздігін діни сөздермен бүркемелеп келеді. Алайда ислам әлемі енді бұл сөздерге алданбайды. Саудиялықтар қажылықты басқаруды ислам әлеміне тапсыруы тиіс, өйткені қасиетті Қағба мен әл-Харам мешіті барша мұсылмандарға тиесілі»,-деп қуаттады.