Шамхани: Жәһілдік тәкаппарлық эр-Рияд басшыларының іс-әрекетіне әсер етіп отыр
(last modified Sun, 11 Sep 2016 10:00:14 GMT )
Қыр 11, 2016 16:00 Asia/Almaty
  • Шамхани: Жәһілдік тәкаппарлық эр-Рияд басшыларының іс-әрекетіне әсер етіп отыр

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: «Жәһілдік тәкаппарлық Сауд Арабиясы басшыларының саясаттары мен іс-әрекетінің жиынтығына әсер етіп отыр»,-деді.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани кеше, сенбі күні бір рәсімде: «Жаралыларға жедел жәрдем көрсетуде салғырттық пен біліксіздік салдарынан Алла үйіне барған өте көп қажының ажал құшуына себеп болған Мина апаты Салман әулетінің тарихында ешқашан кетпейтін қара дақ болып қалады»,-деді.

Әли Шамхани Сауд үкіметінің Мина апатында қаза болғандардың жанұялары мен жаралылардың шығындарын өтеуге қатысты ең қарапайым құқықтық және гуманитарлық принциптерді сақтамағанына тоқталып: «Мина апатында қаза болғандардың жанұяларының құқықтарының сақталуын қадағалау, халықаралық құқықтық әлеуеттерді пайдаланып жауапты тұлғалар мен себепкерлерді жазалау үшін тиісті шаралар атқарылады.

Израиль режимінің тыңшылық ұйымы Моссадтың ислам әлемінде Палестина мәселесін шетке ысыру үшін қауіпсіздік саласында жүргізген оқулары мен Йемендегі соғыс салдарынан саудиялықтардың әлсіреген билігін қажылық рәсімдерін орындауды жалғастырудағы сәтсіздік пен Мина апатының орын алуының басты себебі деп атауға болады»,-деді.