Түркия Сирия жерінде ДАИШ-ке әуеден шабуыл жасады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i14386
Түркия армиясы Сирияның солтүстік аймақтарын ДАИШ даңкестік тобы құзыр тепкен деген уәждермен шабуылдарының нысанасына алды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 11, 2016 18:35 Asia/Almaty
  • Түркия Сирия жерінде ДАИШ-ке әуеден шабуыл жасады

Түркия армиясы Сирияның солтүстік аймақтарын ДАИШ даңкестік тобы құзыр тепкен деген уәждермен шабуылдарының нысанасына алды.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Түркия армиясының штабы жексенбі күнгі мәлімдемеде әуе күштерінің амалдарында Сирияның солтүстігіндегі ДАИШ-ке тиесілі үш ғимарат пен екі автокөліктің жойылғанын хабарлады.

Осы мәлімдемеге сәйкес, шабуылдарда ДАИШ-тің 20 мүшесі өлтірілген. Айта кетер жайт, Түркия армиясының ДАИШ-ті сылтауратып, Сирияның солтүстігіне жасаған артиллериялық және әуе шабуылдары сан рет Дамаск үкіметінің сынына ұшыраған болатын.