Амир Абдуллаһиян: Саудиялықтардың болашағы бұлдыр
(last modified Sun, 11 Sep 2016 13:10:17 GMT )
Қыр 11, 2016 19:10 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллаһиян: Саудиялықтардың болашағы бұлдыр

Иранның Исламдық кеңес мәжілісі төрағасының халықаралық істер бойынша арнайы кеңесшісі «Саудия басшыларының істеп отырған әрекеттеріне қарап, олардың болашақтағы жағдайына үміт артуға болмайды» деді.

Иранның Исламдық кеңес мәжілісі төрағасының халықаралық істер бойынша арнайы кеңесшісі Амир Абдуллаһиян сенбі күні түнде Иран телевидениесінің бірінші арнасының «Бір көзқарас» бағдарламасына берген сұхбатта аймақтың қазіргі өзгерістері мен Сауд Арабиясының рөлін түсіндіруде: «Арабстан революциядан бұрын болсын, революциядан кейін болсын, әрдайым аймақта бірінші рөл атқарып, араб және ислам әлемінің басшылығын өз қолына алуға күш салып келеді. Бұл Арабстан осы мақсатқа қол жеткізуде ұсынатын ештеңесі болмаған жағдайда орын алып отыр. Иран революциядан кейін әл-Сауд әулеті түсіне де алмайтын әртүрлі салалар бойынша, соның ішінде қорғаныс, демократия, ядролық ғылым және тағы да басқа салаларда жетістіктерге қол жеткізді. Сондықтан бұл әулет Иранмен қатынас жасау үшін бәсекелестік құралын таңдады. Мазхаб саласында уахаби тақырыбы Арабстан үшін күрделі мәселе саналады. Ислам революциясынан жеңісінен кейінгі жылдары саудиялықтар екі елдің бақталастығын кикілжіңге соқтыратын қатынасқа жеткізуге тырысты» деді.