Иран президенті мен Катар әмірі телефон арқылы сөйлесті
ИИР-ның президенті Катардың әмірімен телефон арқылы сұхбатта Таяу Шығыс мәселелерінің тек аймақ елдерінің серіктестігімен саяси келіссөздер арқылы шешілуі керектігін қуаттады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран перзиденті Хасан Рухани дүйсенбі күні Катар әмірі шейх Хамад бин Халифа ал-Танимен телефон арқылы сөйлескенде аймақ елдерінің, әсіресе Парсы Шығанағы елдері арасында серіктестіктердің жасалуы қажеттігін қуаттап: «Теһран осы үдерісті қалыптастырып, нығайту үшін ешбір талпыныстан аянып қалмайды. Барша осы салаға күш салуы керек» деп қуаттады.
Иран президенті аймақта экстремизм мен қатігездіктердің арутын тілге тиек етіп, мұсылмандарды лаңкестіктен құтқарып, аймақта тұрақтылық орнатып, ислам әлемінде бірлікті нығайтуды аймақ үкіметтерінің міндеті деп атады.
Катар әмірі Хамад бин Халифа ал-Тани де телефон сұхбатында Иран президенті мен үкіметін және халқын Құрбан айтпен құттықтап: «Катар әрдайым екі елдің барлық салалардағы серіктестіктерінің кеңеюін қолдап, Теһранмен ерекше байланыс жасауға мүдделік танытады» деді. Катар әмірі Иран мен Парсы Шығанағының оңтүстік елдері арасында келіссөздер өткізуді нығайту қажеттілігін қуаттап: «Иран - аймақта ерекше мәртебе мен рөлге ие ел. Сол рөлді атқару Катардың мүддесі аясын да қамтиды» деді.