Атысты тоқтату Дамасктің лаңкестікпен күрес үдерісіне кедергі болмайды
Сирияда атысты тоқтату бітімі орнатылу қарсаңында осы елдің президенті атысты тоқтату келісімінің басып алынған аймақтарды лаңкестерден босату үшін Дамасктің жұмыстарына кедергі болмайтынын қуаттады.
Сирия президенті Башар Асад дүйсенбі күні ел астанасы Дамасктің маңындағы жақында ғана лаңкестерден азат етілген Дарайя қаласында өткен Құрбан айт намазынан кейін тілшілерге берген сұхбатта: «Сирия үкіметі Ресей мен Америка тарапынан ұсынылған атысты тоқтату жобасына келіскенімен тәкфірлік-лаңкестер басып алған аймақтарды азат ету үдерісін тоқтатпайды» деді.
Асад сөзінің келесі бөлігінде Дамаск үкіметінің лаңкестік топтардың шабуылдарынан зардап шекккен аймақтарды қалпына келтіру үшін әзірлігін мәлімдеп: «Отанның құшағына қайтып оралғылары келетін барлық адамдарға елдің есіктері ашық. Бірақ, шетелдік елдерге бауыр басқан жалдамалыларға айтарым, біздің күштеріміз Сирияның барлық жерінде тыныштық пен қауіпсіздік орнатуға әзір» деді.
Сирия президентінің елдің басып алынған аймақтарын азат ету үшін лаңкестермен күрестің жалғасатыны туралы сөздері кеше, дүйсенбі күні түнде Сирияда ресми түрде атысты тоқтату бітімі орнатылатын жағдайда айтылды.
Американың Мемлекеттік хатшысы мен Ресей Сыртқы істер министрі үш күн бұрын Сирияға бейбітшілікті қайтару үшін екіжақты келісімнің жасалғанын хабарлады.
Дүйсенбі күні түнде басталған Сирияның барлық жерінде атысты тоқтату келісіміне сәйкес, барлық шабуылдар, соның ішінде әуе шабуылдары тоқтатылып, Сириядағы мұқтаж, қоршауға алынған аймақтар, соның ішінде Алеппоның тынышсыздық жайлаған аймағы да гуманитарлық көмектер жеткізілу үшін қолжетімді болмақ.
Осы жобаны құлықсыз түрде қабылдаған лаңкестік топтарға керісінше Сирия үкіметі жасалған келісімді жергілікті аймақтарда атысты тоқтатып, осы елдің барлық жерінде қатігездіктерді доғару үшін ең жақсы шешім жолы деп атады.
Атысты тоқтатудың ауқымды жобасын жүзеге асыру Сирия күштері соңғы апталарда стратегиялық Алеппо қаласын қоршап алып, Дамасктің маңындағы Дарайя қаласының қоршауы алқасын бұзып, лаңкестерге серпінді соққы беріп, әскери салада инициативаны өз қолдарына алған жағдайда орын алып отыр.
Осы мәселе бойынша сарапшылар Сирия лаңкестермен соғыс майдандарында инициативаны өз қолына алған әр кезде лаңкестердің қолдаушылары, әсіресе Америка атысты тоқтату бітімін орнату арқылы қарулы қарсылас топтарды тығырықтан шығарып, құтқарып қалады деген пікір білдіруде.