Йеменнің баллистикалық зымыраны саудиялық әуе базасын нысанаға алды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i14473-Йеменнің_баллистикалық_зымыраны_саудиялық_әуе_базасын_нысанаға_алды
Йемен армиясы мен халықтық күштерінің зымырандық бөлімшелері Сауд Арабиясының әуе базаларының бірін баллистикалық зымыранмен нысанаға алды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 13, 2016 13:01 Asia/Almaty
  • Йеменнің баллистикалық зымыраны саудиялық әуе базасын нысанаға алды

Йемен армиясы мен халықтық күштерінің зымырандық бөлімшелері Сауд Арабиясының әуе базаларының бірін баллистикалық зымыранмен нысанаға алды.

"Ал-Алам" хабар арнасының интернет торабының мәліметі бойынша, йемендік бір дереккөзі бұл баллистикалық зымыранның "Ғаһер-1" түріне жататынын мәлімдеген. 

Йемен күштері дүйсенбі күнгі амалдарда Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі Хамис-Мушаиттегі "Халед Бен Абд ул-Азиз" әуе базасын нысанаға алған. Йемендік осы дереккөзінің мәліметі бойынша аталмыш зымыран нысанасын дәлдеп атып, саудиялық әскери базаға қатты нұқсан келтірген.

Мұнымен қатар йемендік мергендер де дүйсенбі күні Наджранда Арабстан армиясының шекаралық күштерінен төрт әскериді өлтірген.