Шейх Иса Ғасемді соттау - Бахрейн үкіметінің стратегиялық қателігі
https://itolqyn.com/news/west_asia-i14641
Иран Ислам Кеңесі Мəжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі: "Бахрейннің көрнекті дінбасшысы шейх Иса Ғасемді соттау жəне оны азаматтықтан айыру - Халифе əулеті режимінің стратегиялық қателіктері мен бұрыс шараларының бірі.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 16, 2016 08:22 Asia/Almaty
  • Шейх Иса Ғасемді соттау - Бахрейн үкіметінің стратегиялық қателігі

Иран Ислам Кеңесі Мəжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі: "Бахрейннің көрнекті дінбасшысы шейх Иса Ғасемді соттау жəне оны азаматтықтан айыру - Халифе əулеті режимінің стратегиялық қателіктері мен бұрыс шараларының бірі.

Иран Телерадиосы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Ислам Кеңесі Мəжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі Хосейн Амир Абдуллахиан сəрсенбі күні: "Бахрейн үкіметі рационалды шешімдерді қабылдауға қажетті қабілетке ие болмағандықтан, бұрыс шаралар мен стратегиялық қателіктер жасайды. Шейх Иса Ғасемді соттау жəне оны азаматтықтан айыру осындай қателіктердің бірі. Бахрейннің қазіргі өзгерістері Халифе əулеті үкіметінің қате сараптауы мен бағалауы, Сауд Арабиясының қысымдары, АҚШ пен Ұлыбританияның жақтасуы салдарынан туындап отыр",-деді.

Иран Ислам Кеңесі Мəжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі бұл қысымдарды Бахрейн дағдарысының ушығуына себеп болды деп атап: "Өкінішке орай, Бахрейн үкіметі өз халқына көңіл аударудың орнына Сауд Арабиясының əскери қысымына түсіріп отыр. Бахрейн үкіметі бұдан ары Сауд Арабиясының арбауына түспеуі керек жəне шейх Иса Ғасемді соттауды тоқтатпаудың салдарын дұрыс түсінуі тиіс",-деді.