4 палестиналық Израиль әскерилерінің оғынан қаза тапты
Сионистік режим әскерилерінің оқ жаудыруы салдарынан 4 палестиналық қаза тапты.
«Sky-News» ақпарат арнасының хабарлауы бойынша, сионистік режимнің әскерилері жұма күні Иордан өзенінің батыс жағалауында әл-Халилге жақын жердегі «Кариат Арба» атты сионистік қалашыққа кіреберісте бір палестиналық әйел мен еркек болған көлікке қарай оқ атып, екеуін де өлтірді.
Сионистік режим әскерилерінің әл-Халил қаласының Тель әл-Рамиде ауданындағы оқ атысы салдарынан тағы бір палестиналық жігіт қаза тапты. Бұл жас жігіт суық қарумен бір израильдік сарбазға шабуыл жасаған кезде Құдсты басып алған әскерилердің оғынан ажал құшты.
Сионистік режим әскерилері жұма күні, сондай-ақ, Иордан азаматы болып табылатын бір палестиналықты Шығыс Құдстың ескі бөлігінің негізгі кіреберіс дарбазаларының бірі Баб әл-Амудта атып өлтірді.
Осы 4 адамды қосқанда 2015 жылдың қазан айынан осы уақытқа дейінгі Құдс интифазасының шәһидтерінің саны 244 адамға жетті.