Ирак Парламенті Нейнава облысын бөлуге қарсылық танытты
(last modified Mon, 26 Sep 2016 14:47:12 GMT )
Қыр 26, 2016 20:47 Asia/Almaty
  • Ирак Парламенті Нейнава облысын бөлуге қарсылық танытты

Ирак Парламенті өз шешімінде Ирактың солтүстігіндегі Мосул орталығы болып табылатын Нейнава облысын бөлуге қарсылық танытты.

Нейнава облысының бірнеше депутатының өтінішімен Нейнава облысын бөлуді дауысқа салу Ирак Парламентінің күн тәртібіне қойылды. Алайда осы жоба Парламент мүшелерінің басым көпшілігінің қарсылығына тап болды. Нейнава облысын 2014 жылы маусым айында ДАИШ лаңкестік тобы жаулап алды. Нейнава облысы Бағдадтан кейін Ирактың халқы көп екінші облысы ретінде Ирак Парламентіндегі жалпы 328 депутаттан 31 депутатқа ие. Облыстың орталығы - Мосул қаласы.

 

Тегтер