Джабер Ансари мен Фейсал Микдад телефон арқылы сұхбаттасты
ИИР Сыртқы істер министрінің Араб және Африка істері жөніндегі орынбасары мен Сирия Сыртқы істер министрінің орынбасары Сириядағы соңғы өзгерістер, әсіресе елдің солтүстігіндегі Алеппоның жағдайы және лаңкестермен күресті талқылады.
ИИР Сыртқы істер министрінің Араб және Африка істері жөніндегі орынбасары Садеқ Хосейн Джабер Ансари дүйсенбі күні Сирия Сыртқы істер министрінің орынбасары Фейсал Микдадпен телефон арқылы сұхбаттасып, Иранның Алеппо халқына гуманитарлық көмектер жіберуге дайын екенін айтты. Бұл ұсыныс Сирия тарапынан қабылданды.
Джабер Ансари мен Фейсал Микдад осы сұхбатта гуманитарлық мәселелер мен Сирияда дағдарысқа ұшыраған аудандарға көмек жеткізуді жеңілдету үшін байсалдырақ талпыныс жасау қажеттігін қуаттады.