Бахрейн шиіттерінің жетекшісін соттау тағы кейінге қалдырылды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i15160
БҰҰ Бас хатшысының Бахрейн үкіметінің басып-жаншушы саясаттары мен осы елдің белсенділеріне қарсы ауқымды амалдарын сынағаннан бір күн өткен соң Бахрейннің Сот органы осы ел шиіттерінің жетекшісін соттаудың кейінге қалдырылғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 27, 2016 15:28 Asia/Almaty
  • Бахрейн шиіттерінің жетекшісін соттау тағы кейінге қалдырылды

БҰҰ Бас хатшысының Бахрейн үкіметінің басып-жаншушы саясаттары мен осы елдің белсенділеріне қарсы ауқымды амалдарын сынағаннан бір күн өткен соң Бахрейннің Сот органы осы ел шиіттерінің жетекшісін соттаудың кейінге қалдырылғанын хабарлады.

Бахрейннің прокуроры дүйсенбі күні  осы ел шиіттерінің жетекшісі шейх Иса Ғасемді сырттай соттауға арналған үшінші жиналыстың кейінге қалдырылғанын растап: «Бұл жиналыс куәгерлердің болмауына байланысты  2016 жылдың 24 қазанына қалдырылды»,-деген уәж айтты.

Бахрейн шиіттерінің жетекшісі шейх Иса Ғасемді соттау жиналыстары «қоғамдық пікірді арандатты және ақша жылыстатты» деген жалған айыптармен оның қатысуынсыз биылғы жылдың 27 шілдесінен басталған еді.

Бахрейннің танымал дінбасын соттауға қатысты үшінші жиналыс дүйсенбі күні  БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның бүрсігүні  Нью-Йоркте Бахрейннің Сыртқы істер министрі  Халед бен Ахмад Але Халифемен кездесіп, Бахрейнде саяси және діни белсенділерді  басып-жаншуды сынап, Халифе әулеті үкіметінен адам құқығы мен халықаралық заңдарды сақтауды талап еткен жағдайда кейінге қалдырылды.

Халифе әулеті режимі Бахрейнде бірнеше ай бұрын  қарсыластарды басып-жаншу амалдарын күшейту мақсатымен адамгершілікке жатпайтын әрекетте Бахрейн шиіттерінің жетекшісі шейх Иса Ғасемді азаматтықтан айырды, алайда осы шараға реакция ретінде бахрейндіктер елдің астанасы Манамадағы әл-Дераз ауданында шейх Иса Ғасемнің үйінің алдында осы діни жетекшіні қолдап, шерулерін жалғастырды.

2011 жылы Бахрейн халқының көтерілісі мен осы елдің патшасы Хамд бен Иса Але Халифенің қарсыластарды аз деп айтқан арандатушы сөздерінен кейін Бахрейн халқының жартысы шейх Иса Ғасемнің шақыруымен  «Ләббәйк, я Бахрейн» деген ұранмен Манамада шеру өткізді. Содан кейін Халифе әулетінің шейх Иса Ғасеммен дұшпандығы жаңа кезеңге аяқ басты.

Бұған қарамастан, Бахрейн халқының шейх Иса Ғасемді кең түрде қолдауы, қоғамдық пікірдің оны жақсы қабылдауы, халықаралық ескертулер, әсіресе БҰҰ Бас хатшысынің Бахрейн үкіметіне осы дінбасыны соттаудың салдары туралы жуырдағы ескертуі айтылған соң Халифе әулеті режимі дінбасыны соттау туралы күмәнданып, шейх Иса Ғасемді соттауды қайта-қайта кейінге қалдыру арқылы қоғамдық пікірді бағалауды күн тәртібіне қойып, оны соттау және одан туындайтын салдарларды басқаруды көздеп отырғанға ұқсайды.

Бұған қарамастан, Бахрейн адам құқығы орталығының хабарлауынша, бұл елде биыл саяси белсенділер мен қамауға алынғандарды азаматтықтан айыру фактісі көбейген, осы аралықта қамауға алынған адамдардың саны 1 мың адамға жетті.

Бахрейндегі басып-жаншу әрекеттері Дүниежүзілік адам құқығы декларацияларында «барлық адамдар азаматтығының болуына құқылы, ешкім бұл заңды құқықтан мақрұм қалмауы тиіс» деп жазылған жағдайда жалғасып жатыр.  

Бұған қарамастан, билеуші режим билікте қалу үшін әртүрлі тәсілдерді пайдаланып, халықтық көтерілісті ауыздықтаумен қоса, қарсыластарды осы елдің саяси және әлеуметтік сахнасынан шығарып тастауға талпынып жатқан сыңайлы.

Осындай жағдайда Бахрейнде билік тек Халифе әулетінің қолында. Осы елдің барлық органдары мен кабинетінің жауапты тұлғалары, соның ішінде Премьер-министрі Бахрейн патшасының туыстары болып табылады.