Түркия Парламенті Сирия мен Иракта Түркияның әскери құзырын жалғастыруға келісті
(last modified Sun, 02 Oct 2016 13:52:35 GMT )
Қаз 02, 2016 19:52 Asia/Almaty
  • Түркия Парламенті Сирия мен Иракта Түркияның әскери құзырын жалғастыруға келісті

Түркия Парламенті осы елдің Сирия мен Ирак жеріндегі құзырын тағы бір жылға ұзартты.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұдан бұрын Түркия Парламенті 2014 жылдың қазан айында осы елдің әскери күштерінің Сирия мен Иракта әскери амалдар жүргізуіне рұқсат берген. Бұл рұқсат 2015 жылдың қыркүйек айында бір жылға ұзартылды.

Парламенттің рұқсаты бойынша, Түркия ағымдағы жылдың 24 тамызында  Сирия жерінде әскери амалдарды бастады. Анкара үкіметінің мәлімдемесі бойынша, оның мақсаты ДАИШ лаңкестік тобы пен Күрдістан жұмысшылар партиясымен күресіп жатқан халықтық күштерге қолдау көрсету болды.

Түркия күштерінің Сирия мен Ирак үкіметтерінің рұқсатынсыз осы елдердің жеріне кіруі заңсыз әрі халықаралық заңдарға қайшы болып, Дамаск пен Бағдадтың наразылығына ұшырап отырған жағдайда Түркия Парламенті осы ел әскери күштерінің Сирия мен Иракта болуының мерзімін ұзартып отыр.

Хабардар көздердің айтуынша, Түркия үкіметі өз шекарасынан тыс жерде, Сирия мен Иракта әскери амалдар жүргізуді бір жылға ұзарту өтінішін ел Парламентіне ұсынып, Парламент депуттаттары оған келісім берді.

Түркия армиясының Сирия мен Иракқа әскери араласуы Дамаск пен Бағдад үкіметтерінің Түркия әскерилерінің өз елдерінен шығуын талап етіп отырған жағдайда жалғасып жатыр.

Тегтер