Сауд Арабиясы Йеменнің әскери емес аудандарын бомбалады
Саудиялық қырғи ұшақтар Йеменге шабуылдарын жалғастырып, осы елдің кейбір облыстарындағы әскери емес аудандарды бомбалады.
Йеменнің «Саба» ресми ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, саудиялық қырғи ұшақтар сенбі күні Йеменнің астанасы Сананың Атан ауданын нысанаға алған. Соның салдарынан 2 адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды.
Сағде облысының тұрғын аудандарын бомбалауда да бір йемендік азамат қаза тауып, үш адам жараланды.
Саудиялық қырғи ұшақтар Йеменнің әл-Хадиде облысындағы тұрғын аудандар мен елдің оңтүстік-батысындағы Таиз облысының әл-Хома қаласындағы электр қуаты бекетін сан рет бомбалады.
Ливанның «Al-Mayadeen» ақпарат арнасы да йемендік күштердің елдің оңтүстік-батысындағы әл-Хома жағалауындағы БАӘ-нің әскери кемесіне зымыранмен шабуыл жасауы салдарынан БАӘ-нің 22 әскериі қаза тапқанын хабарлады.
Йемен армиясының ақпарат хатшысы Шараф Ғалеб Лұқман: «Йеменнің зымырандық бөлімшесінің осы елдің аймақтық сулардағы аумағына кірген кез-келген кемені жоятыны күмәнсіз»,-деді.