Саудия режимінің Йемендегі қылмыстары туралы жаңа статистикалық мәлімет жарияланды
Қаз 03, 2016 07:47 Asia/Almaty
Йеменнің «Танмие» құқықтық орталығы өз мәліметінде Саудия режимінің Йеменге 560 күннен астам жасаған шабуылдары салдарынан 10500- ден астам йемендіктің қаза болғанын, олардың шамамен 2400-ін балалар, 1700- ден астамын әйелдер құрағанын мәлімдеді.
Сауд Арабиясының Йеменге жасаған шабуылдарынан жүздеген мың баспана, тұрғын үй кешені мен инфрақұрылымдық нысандар, соның ішінде шамамен 700 мешіт, 260- тан астам аурухана мен емдеу орталығы да ойран болған. Сауд Арабиясының Йеменге жасаған 560 күн бойғы шабуылынан 18500- ден астам адам жараланған. Солардың шамамен 2201- і бала, 1806- сы әйел болып табылады.
Тегтер