Ансаролла: Үстемшілдер мен олардың одақтастары бізді қорлап, байлықтарымызды талан-таражға салғысы келеді
(last modified Mon, 03 Oct 2016 09:04:56 GMT )
Қаз 03, 2016 15:04 Asia/Almaty
  • Ансаролла: Үстемшілдер мен олардың одақтастары бізді қорлап, байлықтарымызды талан-таражға салғысы келеді

Йеменнің Ансаролла қозғалысының басшысы: «Үстемшілдер мен оларды басқарған АҚШ пен Сауд Арабиясы Йеменнің шығыс аймақтарына көздерін тігіп, байлықтарымызды талан-таражға салғысы келеді»,- деп мәлімдеді.

Әл-Әлам» телеарнасының мәліметі бойынша, Йеменнің Ансаролла қозғалысының Бас хатшысы Сейед Абдолмалек Бадраддин пайғамбардың хиджратының жылдығына байланысты сөйлеген сөзінде исламдық үмбетті осы күнмен құттықтап, бұл күнді қайтадан жандандыруды маңызды деп атады. Ол сөзінің келесі бір бөлімінде: «Үстемшілдік пен оның жақтастары бүгін бізді құлдыққа итермелеп, қорлық көрсетіп, табиғи ресурстарымызды талан-таражға салуды мақсат етуде»,- деді.

 Ол Йемен халқының шапқыншыларға қарсы тұруын мадақтап: «Йемен халқы Сауд Арабиясы мен АҚШ-қа қарсы сабырлы болып, шыдамдылық танытып, өздерінің бірліктерін сақтап, қиындықтарға төзіп, жарқын келешекке жетуге талпыныс жасауы керек»,- деп баса айтты.

Йеменнің Ансаролла қозғалысының басшысы сонымен бірге Йеменнің оңтүстігінде саудиялық шапқыншылардың қатарына қосылғандарға: «Сендер бүгін тікелей эмираттықтарға бағынып отырсыңдар. Сендер үшін солар шешім қабылдайды»,- деді.